17Экономика

Шымкенттегі «Хлопкопром-Целлюлоза» кәсіпорны өнімдерін Ресей мен Украинаға экспорттайды

2006 жылы құрылған «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС Шымкент қаласының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Өндіріс 6,5 гектар алаңда орналасқан. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді.

«Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС – әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін мақта целлюлозасын, карбоксиметилцеллюлоза және полианионды целлюлоза өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Негізгі шикізат – компанияға тиесілі екі мақта тазалау зауытында өндірілетін мақта линті. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 9 мың тонна линт өндірілсе, оның 7 мың тоннадан астамын осы зауыт тұтынады.

Өзінің шикізат базасының болуы компанияға икемді баға саясатын жүргізуге және тұтынушыларға қажетті кез келген сападағы өнімді өндіруге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты: мақта целлюлозасы жылына 5 мың тонна, карбоксиметилцеллюлоза және полианионды целлюлоза жылына 6 мың тонна.

Мақта целлюлозасы – мақта линтін қайта өңдеу арқылы алынатын ақ түсті борпылдақ масса. Суда ерімейді және клейстер жасамайды. Компания өнімдері Ресейге, Украинаға экспортталады және оқ-дәрі, нитролактар өндірісі, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, тамақ және медицина өнеркәсібі, лак-бояу өнімдері мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру сияқты көптеген салаларда қолданылады.

Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты

Басқа жаңалықтар

Back to top button