Жаңалықтар

Этносаралық ынтымақтастық: өзара сыйластық пен келісімге қол жеткізу

 

Бүгін Ұлытау облысында «Этносаралық өзара іс-қимыл тақырыптарында тиімді диалогты қалай жүргізу керек: тәсілдер мен стратегиялар» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ.

Семинардың спикері – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этносаралық ахуалды мониторингтеу орталығының бас менеджері Ақанова Жансая Дабылқызы болды. Кездесудің модераторы ретінде Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұмажан Өтегенов сөз сөйледі.

Іс-шараға Этномедиация кеңесінің мүшелері, ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері, сондай-ақ өңірдің ғылыми-сараптамалық құрылымының мүшелері қатысты. Семинардың басты мақсаты – қатысушылардың этносаралық коммуникация саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, конструктивті диалог құрудың заманауи стратегияларына үйрету және көпэтносты ортада қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған құралдарды меңгеру болды.

Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды: жанжалсыз диалог жүргізу форматтары мен қағидаттары, социологиялық сауалнамалар жүргізу және қоғамдық пікірді талдау, фокус-топтармен жұмыс істеу – халықтан кері байланыс алудың тиімді тәсілі жайында. Сонымен қатар, қатысушылар коммуникациялық дағдыларға арналған тестілеуден өтті, бұл әрқайсысына өзара әрекеттесу деңгейін және күрделі, сезімтал тақырыптарда диалог жүргізу қабілетін бағалауға мүмкіндік берді.

Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, нақты жағдайларды талқылауға және практикалық ұсыныстар әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды. Мұндай іс-шаралар бейбіт өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға, азаматтық бірегейлікті нығайтуға және диалог мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Семинар соңында барлық қатысушылар семинарға қатысқанын және ондағы негізгі тақырыптарды меңгергенін растайтын сертификаттарға ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button