17

Сайлау туралы тағы бір пікір

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы – ел тарихының жаңа парақшасын ашып, мемлекетіміздің жаңа болашаққа қадам басуының негізі болып табылады.
Ендігі Президентіміз тек 7 жылға 1 рет ғана сайлана алады. Осы уақыт аралығында Президентіміз барынша тиімді саясат ұстанып, елді дамыту үшін бар күш-жігерін арнап, мемлекетті дамыту жолында өз қолтаңбасын қалдыра алатын болады. Міне, бұл сайлаудың ерекшелігі де осында. Біз жаңа мемлекет басшысын сайлау арқылы жарқын болашағымызды құруды таңдадық.
Мен сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы елдің дамуына үлес қостым деген ойдамын. Жаңа Қазақстанның Президентін сайлау арқылы, елімнің жарқын болашағына, нақты көзқарасы мен жоспары бар мықты көшбасшыны таңдай алдық. Аудан тұрғындарының сайлауға қатысқан сайлаушылардың 86,3 пайызы алдағы жеті жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нақты белгіледі.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры мәңгілік болсын! Мемлекетіміздің абыройы асқақ, дәулеті мол, әлеуеті зор, болашағы жарқын болғай.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бекмұрзаев Сеит Даутбекұлы
ҚХА жанындағы Төлеби аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button