Жаңалықтар

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 

Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен өткен жиында 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің болжамды нәтижелері, жылыту маусымы барысында туындаған мәселелер, өрт қауіпті кезеңге және суға шомылу маусымына дайындық барысы қаралды.
Комиссия отырысында ТЖД-нің, қала-аудан әкімдіктері мен салаға қатысты басқармалардың есептері тыңдалды.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі су тасқынына ұшыраған автожол учаскелерінің мәселесін шешу жолдарын 1 маусымға дейін ұсынуды, Жезқазған көшелерінде су ағар жүйелерін орнату жұмыстарын пысықтауды және Қылыш су қоймасына қатысты түйткілдерді жүйелі түрде шешуді тапсырды.
Сонымен қатар өңір басшысы өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында арнайы іс-шаралар жоспарын шұғыл түрде әзірлеп, бекіту, дала және орман өрттерінің алдын алуға ерекше көңіл бөліп, қажетті техника, адам ресурсы мен жанар-жағармай қорын толықтыру міндетін қойды.
Сондай-ақ облыс әкімі Жезқазған қаласында салынып жатқан жағажайдың тиісті мезгілінде ашылуы қажет екенін қатаң ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button