154 млн. шаршы метр тұрғын үй тәуелсіздік жылдары салынған
Ел тәуелсіздігін алғаннан бастап (1991-2019 жылдар) барлығы 154,4 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. 1,4 млн. астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсартылды.
2004 жылдан бастап орта класс пен халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бірінші бағдарламасы әзірленді. Бұл коммуналдық тұрғын үй және қолжетімді тұрғын үй құрылысы балалары бар жас отбасылар, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналды. 2005-2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Жоспар бойынша 15,8 млн. шаршы метр салынуы керек болса, іс жүзінде 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылысы саясаты 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде жүргізілген. Онда аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ алдын ала қарызды пайдалана отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы азаматтардың басым санаттарын кредиттеу жөніндегі шаралар жалғастырылды. Аталған кезең қорытындысы бойынша 19,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2011 жылғы 31 наурызда Тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Мұнда Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сата отырып, жергілікті атқарушы органдардың несиелік тұрғын үй құрылысының жаңа схемасы, ЖТҚ дамыту, екінші деңгейдегі банктерді қорландыру арқылы коммерциялық тұрғын үйді қолдау, «ҚТҚЖБ» АҚ салу және тұрғын үйге қолжетімділікті арттырудың басқа да бағыттары қарастырылған. Осылайша, тек 2011 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды.
2012 жылы 7 міндетті шешуге бағытталған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаты әзірленіп, 2012-2014 жылдары жоспарда 19,5 млн. шаршы метр болғанымен, іс жүзінде 21 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы аясында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілді. 2013-2015 жылдары инвестиция көлемі 497,8 млрд. теңгеден 740 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл тұрғын үй қорын 340,6 млн. шаршы метрге дейін ұлғайта отырып, 24 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үйді (200 мың шаршы метрден астам) іске қосуды қамтамасыз етті.
Дағдарысқа қарсы міндеттерді іске асыру мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Онда Ұлттық қор қаражатынан тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттер шеңберінде тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру көзделген. 2015-2016 жылдары 19,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды бір бағдарлама шеңберінде шоғырландыру мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жер» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. 2017-2018 жылдары 36,8 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Шамамен 333 мың азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсартылды.
Ақпарат көзі: gov.kz/memleket/entities/miid