Басты жаңалықСпорт

Спорт саласында  жемқорлыққа жол жоқ!

 Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заман ағымымен бірге небір қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның  да бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.

Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі мен оған бағынысты ұйымдарда бірқатар ауқымды шаралар атқарылуда. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК ұйымы 2021-2022 жылдарға арналған  Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жоспарына сәйкес бірнеше ауқымды істер атқарылуда. Қазіргі таңда аталған жоспар аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жаттықтырушылар, спортшылар, спорт саласындағы қызметкерлерімен кездесулер жүйелі түрде өтікізіліп келеді. Спортта сыбайлас жемқорлық деңгейін жою және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру мақсатында дирекцияда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді.

Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі спорт саласында ашықтық саясатын ұстанып, «ашық дереккөзде» бюджет қаражатын игеру, мемлекеттік сатып алулар мен министрліктің табысы мен мүлкі жайлы барлық ақпаратты жария етіп отырады. Жемқорлықты болдырмау мақсатында енгізілген спорттағы тағы бір өзеріс – спортшыларға берілетін қаражатта орын алды. Яғни бұған дейін оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық додаларда спортшыларға қажетті қаражат жаттықтырушылардың есеп-шотына түссе, соңғы төрт жылда бірден спорттық базаларға, жарысты ұйымдастырушы тарапқа аударылады. Бұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенінің бір айғағы.

«Спортты дамыту дирекциясы» ұжымы мен спортшылары әрқашан сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс та өз жемісін береді деген снеіміміз мол.

АЙДОС РЫМҚҰЛ

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК Баспасөз хатшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button