Басты жаңалықЖаңалықтар

ҰҚК екі есірткі сататындарды құрықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды ​​облысында екі қазақстандықты ұстады, – деп хабарлайды janalyq.kz.

2024 жылдың қазанында Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

“Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 келі наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button