Жаңалықтар

Өскеменде “Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы ұйымдастырылды  

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, арнайы құрмет көрсетті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев және «Шығыс»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев Ұлы Отан соғысының және Ұлттық ұлан ардагері, отставкадағы подполковник тоқсаннан асқан Гагарин Иван Фёдоровичті, отставкадағы подполковник Чикинов Любик Васильевичті арнайы құттықтап барды.

Ардагерлер күні бүгінге дейін өңірлік қолбасшылықтағы ардагерлер ұйымының қоғамдық жұмыстары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене қатысады. Полковник Атабек Салықбаев әр ардагерге «Шығыс» ӨңҚ қолбасшысының атынан алғыс хаттар табыстады. Ал отставкадағы полковник Айдар Оразбаев болса қос ардагерді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің бұйрығы аясында «Ұлттық ұлан үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

– Біз ардагерлерді қашанда құрмет тұту керекпіз.Өйткені, алдағы буын ағаларға қарап, жастарымыз бой түзейді. Сондықтан, біз әр мерекеде өз ардагерлерімізді ұмытпай, үйлеріне арнайы барып, сыйлықтар мен алғыс хаттарымызды табыстап,барынша құрмет көрсетіп келеміз!-дейді Атабек Қуандықұлы.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button