Қызылорда облысының Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 2017 жылы басталған 18 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.
Биыл қараша айында қалған 1 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 18 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Яғни, 2019 жылы 5 арендалық тұрғын үй 31 көпбалалы отбасыға, оның ішінде 18-і ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаға, 31-і әлеуметтік осал топқа, 10-ы апаттық деп танылған тұрғын үйлері бар азаматқа, ал биыл 4-і көпбалалы отбасыға, 5-і ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетім балаға, 4-і әлеуметтік осал топқа , 5-і бюджеттік сала қызметкеріне беріледі.