Мәдени, рухани құндылықтар – ұлт байлығы
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бастау алғалы бері ел көлемінде AMANAT партиясының ұйымдастыруымен 29 мыңнан астам шара өтіп, 3 миллионнан астам адам қамтылды. Ал, қоғамдық қабылдауларға 27 мыңнан асатын ұсыныс-пікірлер келіп түскені, қоғаммен кері байланыстың нық әрі кең көлемді екенін айғақтайды. Көптеген еңбек ұжымдарында өткізілген кездесулер легі Атырау облысында қарқынды жалғасуда. Соның бірі Халық шығармашылығы орталығында ұйымдастырылды.
Ашық форматта өткен басқосуда руханият, мәдениет тақырыбы кеңінен қозғалды. Облыстық сайлауалды штабтың бір топ мүшелері ұжымға AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның аясында жоспарланған жұмыстарды жария етті.
Партия қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіруді жақтайды. Бай, сан салалы мәдени мұрамызды сақтап қалуға, рухани және мәдени даму үшін жағдай жасауға, бос уақытын өткізу үшін кешенді көпшілік мәдени шараларды үнемі өткізуге қолдау көрсетеді.
19 наурыз күнгі сайлауға қатысатын кандидаттар бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар жайынан хабардар етіп, ұжым мүшелерінің ұсыныс, сауалдарын да арнайы аманаттар жәшігініне жинақтап, олардың алдағы уақытта партия назарында болатынын жеткізді.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді