11Мәдениет

«JANKENT» стеласы бой көтерді

Сыр елінің Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстар қорытындыланды. Нәтижесінде қалашықтың қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, 30-ға жуық тұрғын үй орындары аршылды.

Биыл облыстық бюджет есебінен археологиялық қазба және республикалық бюджет қаражатынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Яғни, қалашықтағы консервацияланған бір бөлменің композициясы жасалып, Оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін тарихи мүсіндер қойылды.

Сонымен қатар, қалашықтан 200-ге жуық бүтіндей экспонат табылып, музей қорына өткізілді. Қазіргі таңда, қалашықтың аумағы толық қоршалып, “JANKENT” стеласы бой көтерді. Нәтижесінде іске асырылған жұмыстар келешекте археологиялық парк қалыптастыруға және туристік орынға айналуға үлкен септігін тигізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button