17

Елдегі саяси науқан өз мәресіне жетті

Түркістан облысының тұрғындары бұл сайлауда да белсенділік танытты. Өңір тұрғындарының 80 пайыздан астамы дауыс беріп, Республикада үштіктен көрінді. Бұл тұста да өңір халқының елдің болашағына бей-жай қарамайтындығын көрдік. Жарқын болашақ жолында өз көшбасшыларын таңдағанына куә болдық.
Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта Exit poll-дың қорытындысымен танысты. Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері бейнебайланыс арқылы онлайн қатыстық. Нәтижеге орай Халықтық коалиция атынан сайланған Қ.К.Тоқаев 82,45 пайызбен жеңіске жетті.
Ол өз сөзінде: “Бұл науқан біздің тарихымызда қалатыны сөзсіз. Баршаңызға, Халықтық коалиция мүшелеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Exit pool-дың алдын ала нәтижесі шықты. Әрине ресми қорытындыны күтеміз. Дегенмен, қазірдің өзінде халқымыз маған сенім артты деп айтуға болады. Халықтың сенімі ол – ең құнды нәрсе. Бәріміз ақтауымыз керек”, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Жалпы бұл саяси науқан Түркістан облысы тұрғындарының ұйымшыл екендігін көрсетті.
Алдағы уақытта да елдік істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, үлгі боларлық істердің басы-қасынан көрінейік. Ынтымағымыз бен берекелі бірлігіміз жоғалмасын!
ӘДІЛДІК: ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ. Қуатты да, Әділетті Қазақстандық бірге құрамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button