Жаңалықтар

Қызылордада квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлеріне арналған семинар өтті

Қызылорда облысы әкімдігінің алаңында облыстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс офицерлеріне арнап «Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және ISО 37001:2017 Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі халықаралық стандартын енгізу мәселесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Шарада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен оның алдын алу шараларын жүргізуде квазимемлекеттік және жеке секторлардың атқаратын рөлінің маңыздылығы, комплаенс-қызметін жүзеге асырудың тиімділігі, сонымен қатар ISО 37001 Халықаралық стандартына егжей-тегжейлі шолу жасап, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте атқаратын қызметі талқыланды.
Айта кетейік, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 12-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік және жеке секторлар қызметіне ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартын ерікті түрде енгізу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button