Басты жаңалықДенсаулық
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 66 адамнан анықталды
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 26 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен бөлісті. Коронавирус инфекциясы бірнеше аптадан бері жаңа жағдайлар тіркелмеген аймақтарда қайта төбе көрсете бастады, деп хабарлайды janalyq.kz
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 66 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 15,
- Алматыда – 42,
- Шымкентте – 3,
- Ақмола облысында – 2,
- Қарағанды облысында – 3,
- Қызылорда облысында – 1.
Жалпы, елімізде 1 306 233 жағдай расталды.
КВИ-ден емделіп, сауыққандар туралы ақпарат
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 23 адам емделіп, сауықты, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 2,
- Алматыда – 19,
- Алматы облысында – 1,
- Павлодар облысында – 1.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 292 251 адам емделіп, жазылды.