Денсаулық

COVID-19-дан айыққан әрбір бесінші адамда ауру белгілері сақталады

Бұрын COVID-19 жұқтырған әрбір бесінші ересек адамда созылмалы COVID-19 белгілері сақталған, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Бұл туралы АҚШ денсаулық сақтау өкілдері хабарлады. Маусымның алғашқы екі аптасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы 13 ересек адамның 1-інде алғашқы инфекциядан кейін үш ай немесе одан да көп уақытқа созылмалы COVID-19 белгілері бар.

Деректерді 1-13 маусым аралығында АҚШ халық санағы бюросы жинады, ал талдаған – АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC).

Коронавирустың ұзақ мерзімді белгілері – шаршау, жүрек соғысы, ентігу, когнитивтік қиындықтар, созылмалы ауырсыну, сенсорлық ауытқулар мен бұлшықет әлсіздігіне дейін.

CDC талдауы жас ересектерде ауру белгілері қарттарға қарағанда жиі кездесетінін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда COVID-19-дан көбірек зардап шеккен: АҚШ-тағы ересек әйелдердің 9,4 пайызы аурудың белгілері ұзақ болғанын хабарлаған, ал ерлердің 5,5 пайызы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button