Басты жаңалықСпорт

Рингке оралған Аида Сатыбалдинова алғашқы ойында-ақ чемпион белбеуін еншіледі

Аида Сатыбалдинова үшін бұл үш жыл үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Ол соңғы рет 2019 жылдың шілдесінде шаршы алаңда өнер көрсеткен, деп хабарлайды janalyq.kz

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) Комерсте (АҚШ, Калифорния штаты) титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол гаити аруы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) қолбақ түйістірді. Бұл кездесу титулдық сипатқа ие болды, өйткені GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпионның белбеуі сарапқа салынды әрі ойын алты раундқа есептелген. Оның қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Сатыбалдинова жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Сатыбалдинова кәсіби мансабында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, GBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды, ал Джайка Павилус алтыншы жеңілісімен бетпе-бет келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button