Басты жаңалықЭкономика
ҚР Үкіметі банктерде жинақталған Ресей рублін әкетуге рұқсат бермек
Ашық НҚА порталында «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды janalyq.kz
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде екінші деңгейдегі банктердің кассаларында 2022 жылғы 15 маусымдағы сағат 23:59-ға жинақталған көлемі шегінде қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін, – делінген жоба мәтінінде.
Қоғамдық талқылау 29 маусымға дейін жүргізілмек.