Саясат

Ең белсенді партия мүшелеріне партиялық наградаларды табысталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі А.С.Көлгінов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауында, партиялық жобалар мен партия сайлауалды бағдарламасын орындауда аянбай еңбек еткен ең белсенді партия мүшелеріне партиялық наградаларды табыстады.

«Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен 24 елордалық партия мүшелері марапатталды.

Сонымен қатар, 23 партия мүшелеріне «Құрмет» грамотасы табысталды.

Партиялық наградалармен марапатталғандар қатарында партия ардагерлері, медицина, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, кәсіпкерлік саласының өкілдері бар.

Марапат иелері «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қоғамдық-саяси жұмыстары мен партияның алға қойған міндеттерін орындауда жүйелі жұмыс атқарып жүрген партияның ерекше белсенділері.

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Алтай Сейдірұлы марапат иелерін құттықтай келе, Елбасымыз-Партия төрағасының Тәуелсіздіктің 30 жылындағы орасан зор еңбегіне, еліміздің жеткен жетістіктеріне және «Nur Otan» партиясының атқарған жұмыстарына жіті тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Алтай Сейдірұлы партия Төрағасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында таныстарған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын және «Nur Otan» партиясы мемлекет пен халық арасында алтын көпірге айналғандығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button