01

2 мыңға жуық елордалық “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында баспаналы болды

Ағымдағы жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында үй кезегінде тұрған 2 мыңға жуық елордалық “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында баспаналы болды. Алматы ауданында орналасқан «Отау» тұрғын үй кешенінде 1 884 пәтер бар.

Пәтер кілттерін кезекте тұр­ған қала тұрғындарынан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтардың кезекті бір бөлігі алды. Ендігі жоспарға сәйкес келесі жылы осы аумақта жаңа мектеп бой көтереді. Балабақша, медициналық орталық секілді басқа да әлеуметтік маңызды нысандар салынады. Абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасалады. Тұрғын үй кешені  өз алдына жеке шағын аудан ретінде дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бес жыл ішінде 50 мың тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 6 мың тұрғынға пәтер кілті берілген, енді қалған 4 мың елордалық жыл соңына дейін жаңа пәтер кілтін алатын болады.

Өткен жылдармен салыстыратын болсақ 2018 жылы 1 800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button