01Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 15-16 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен Нұр-Сұлтан қаласының «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС бірлесе отырып бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – А.И.Жарас, Б.Р.Шериязданов, И.Т.Бердалиев, Б.А.Мырзаев тартылды.
15 тамызда Нұр-сұлтан қаласында «Артем», «АйМак-Тау», «Шапағат», «Әлем», «Big Шанхай» және «Шарын» базарларының саудагерлері арасында, № 6636 – ӘБ әскери қызметкерлері арасында, «Астана жастары» КММ мекемесінің еріктілерімен және т.б. кездесулер өткізілді.
Сондай-ақ, 16 тамызда РАТТ мүшелерінің қатысуымен Нұр-сұлтан қаласында Ақмола облыстық жедел бөлімшесінің әскери қызметкерлері арасында, «Әл-Фараби» мешітінің жамағаттарымен, №2 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, № 6 және № 8 «олемпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мекемелерінің спортшыларымен спорт жаттықтырушылары арасында семинар ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button