Бүгінгі таңда Владимир Хоружик – металлургтер қаласындағы гипс өнімдерінің жалғыз өндірушісі. Ісін енді бастаған кәсіпкерге осындай өндіріс ашуға интернеттегі бейне шабыт берді. Теміртауда тауашалар бос болғандықтан, Владимир оны иемденуге шешім қабылдады. Қарағанды облысы әкімінің миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранты идеяны жүзеге асыруға көмектесті.
– Мен “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының Теміртау филиалының басшысы Әзиз Оразұлына жүгіндім. Ол мені Қарағанды Жастар ресурстық орталығына жіберді. Онда маған олар бизнес-идеямды қалай алға жылжытуға болатындығын түсіндірді. Грантты бірден алған жоқпын. Тек бір ай бұрын ғана бақытты адамдардың қатарында ендім, – дейді Владимир.
Миллион кәсіпкерге формалар, жабдықтар мен аз мөлшерде шикізат сатып алуға жеткілікті болды. Үй-жайды жалға алу мен жеткізуді төлеу қажет болғандықтан, өз қаражатын қосымша салуға тура келді. Ал бұл шамамен 700 мың теңге.
– Мен бұйымдар жасауды өз бетімше үйрендім, – дейді Владимир. – Сынақтар мен қателіктер арқылы тиісті жұмыс формуласын жасадым. Бүгін мен бір панельді жасауға шамамен 10 минут жұмсаймын. Бір шаршы метр жарты сағат ішінде құйылады. Панельдерге кепілдік 30 жылдан 50 жылға дейін. Сонымен қатар, біздің өнімдер оңай қалпына келтіріледі және кез-келген түске боялады.
Панельдерді сапалы ету үшін кәсіпкер Г16 маркалы экологиялық таза және беріктігі жоғары гипсті пайдаланады. Нәтижесінде өнімдер отқа төзімді және пайдалану кезінде улы заттар шығармайды.
Сәндік 3D панельдерінің 15 түрінен басқа, Владимир сәндік тас, гипс қалыптары, декор элементтерін жасайды. Қазір гүл құмыраларын жасау бойынша жаңа өндірістік желі іске қосылды.
– Біздің тапсырыс берушілеріміз – негізінен Қарағанды мен Теміртау. Бірақ Нұр-Сұлтан, Өскемен және Семей қалаларынан тапсырыстар болды. Біз өз бұйымдарымызды бүкіл Қазақстан бойынша жеткіземіз және монтаждаумен айналысамыз, – дейді Владимир Хоружик.
Биылғы жылы панельдердің ағынды өндірісін игеру және құрылыс дүкендерінде стендтер қою жоспарлануда. Әзірге жұмысқа екі адам тартылған. Кәсіпкер оның өндірісіне дизайнерлер мен құрылыс дүкендері қызығушылық танытады деп үміттенеді. Сол кезде ісін кеңейтуге және молдингтер, еденкемерлерді, ернеулерді және төбе астындағы люстраларға арналған розеткалар жасауды игеруге мүмкіндік туады