09Мәдениет

Қарағанды облысында «Достық аллеясы» ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жаңаарқа ауданындағы Отыншы Баубеков атындағы саябақта «Достық аллеясы» ашылды. Ауданда тұратын түрлі ұлт өкілдері қарағай көшеттерін отырғызды.

– Барлық халықтарда ағаш денсаулық пен әл-ауқаттың нышаны болып табылады, – деп атап өтті жеке кәсіпкер түрікмен халқының өкілі Мердан Атамұрат.
Жаңаарқа ауданында 15-тен астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.

«Қазір біз ауданды дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай іс-шаралар болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үшін үлгі болуы керек. Қазақтың «Артыңда мал қалғанша тал қалсын» деген жақсы сөзі бар. Біз болашақта «Достық аллеясы» аудан тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс аймағына айналатынына сенімдіміз», – деді аудан әкімдігінде

Басқа жаңалықтар

Back to top button