11

Байқоңырда «Естелік бақшасы» ашылды

Байқоңыр қаласының тұрғындары Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған “Естелік бақшасы” халықаралық акциясына қосылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша гүлдеген алма мен шие ағаштары 1945 жылғы көктемнің бейнесі іспеттес. Георгий Победоносец православ шіркеуінің ар жағында орналасқан паркте 140 жеміс ағашы отырғызылды.

“Өкінішке қарай, Байқоңыр қаласында Жеңістің 75 жылдық мерейтойын тойлайтын тірі майдангер қариялар қалмады. Алайда Жеңіс үшін тек майданда күрескен жоқ. Қаламыздағы өзін өзі басқару қоғамдық кеңесімен бірлесе отырып біз тыл ардагерлерін қамқорлығымызға алдық. Олардың арасында туған-туысы жоқ жалғызлікті қарттар бар. Олар мұндай көмекке зәру”, – дейді ағаш отырғызу шаруаларымен айналысып жүрген Ресей ТЖМ №70 Федералды бекет қызметі арнайы басқармасының бастығы Андрей Заровский.

Басқа жаңалықтар

Back to top button