02Мәдениет

800-ден астам тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алды

Бостандық ауданының 800-ден астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алды. Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында еңбек нарығындағы жағдай, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек туралы айтты. Ол 2021 жылдың үш айында ауданда 1182 жұмыс орны құрылғанын хабарлады.

Аудан әкімінің айтуынша, қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік қорғау шараларымен 1 505 адам қамтылды, оның ішінде 88 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 38 адам жастар практикасына жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 829 адам тартылды. 534 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бері ауданның 16 тұрғынына 200 АЕК көлемінде грант берілді.

Алтай Рахымбетов өз сөзін халықтың мұқтаж санаттарына әлеуметтік көмек көрсету статистикасымен жалғастырды. Аудан әкімінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 тоқсанында 193 аз қамтылған отбасыға, яғни 842 адамға 8 512 592 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Бұдан басқа, 191 адамға тұрғын үй көмегін төлеу түрінде жалпы сомасы 1 809 442 теңгеге қолдау көрсетілді.

«Биыл ауданымыздың 829 зейнеткері 7 АЕК-19 446 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш берді. Олардың барлығына жалпы сомасы 1 686 610 теңге жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, ауданның 466 тұрғыны 20 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек алды, Ұлы Отан соғысының 18 ардагеріне 6,5 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді», – деді Алтай Рахымбетов.

Аудан әкімі мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Мысалы, 11 тұрғынның өтініші бойынша ыстық және суық суды есептеуіш құралдарын сатып алу және орнату шығындары өтеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button