02Мәдениет

«Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша спорт және воркаут алаңдары салынды, биыл тағы 8 аулада балалар және спорт алаңдары жөнделеді

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында мегаполисте аулалар мен балалар алаңдарын қалай абаттандыратыны туралы айтып берді. 2020 жылы ауданның 120 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізілді.

Биыл Көктем, Алмагүл, Орбита және т.б. шағын аудандардағы 100 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар анықталады, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталған соң жөндеу жұмыстары басталады.

«2020 жылы инвесторларды тарту есебінен 20 балалар алаңы абаттандырылды. Жыл басынан бері инвесторларды тарту есебінен 4 балалар алаңы абаттандырылды, жыл соңына дейін – 21-і жоспарлануда», – деді аудан әкімі Алтай Рахымбетов.

«Бюджетке қатысу» жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы Жароков көшесі бойындағы № 284/1 үйдің ауласында спорт алаңының және Қазақфильм шағын ауданындағы воркаут алаңының құрылысы жүргізілді.

Биыл осы бағдарлама аясында Хусаинов көшесі, «Нұрлытау» ш/а, 225, Сәтбаев көшесі, 9б, Баязитова к-сі, 9,15, Мыңбаев к-сі, 93, Науаи к-сі, 308/2, «Орбита-1» ш / а, 24 үй, Гагарин даңғылы, 196А мекен-жайлары бойынша 8 аулада балалар және спорт алаңдарын жөндеу жоспарлануда.

Құрылыс-монтаж жұмыстары мердігер ұйымы анықталып, мемлекеттік сатып алу конкурс аяқталған соң басталады

Басқа жаңалықтар

Back to top button