Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов қатысты. Аудан басшысы аулалардың қалай абаттандырылатынын, жарықтандыру қай жерде пайда болатынын, көгалдандыру қандай ауқымда өтетінін, қандай мектептерді кеңейтетінін және тұрғын үй қорын жаңғырту қалай жүріп жатқанын айтты.
Аудан басшысы жолдардың жағдайына ерекше назар аударады. Сайфеденовтың мәліметтері бойынша, жол шұңқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. 5,5 мың шаршы метр аумақтағы шұңқырлар жөнделген. 444 ақаулықтың 346-сы жойылды.
7 көшеде жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды, жалпы 33 көшенің жолын жөндеу қарастырылған. Сайран Сайфеденов жөндеу жұмыстары жұргізіліп жатқан көшелерді атады:
-Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Алтынсарин даңғылына дейін;
-Шаляпин көшесі, Сайын көшесі мен Алматинка өзенінің аралығы;
– Райымбек даңғылы, Өтеген батыр көшесінен Тілендиев көшесіне дейін;
– Б. Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін;
– Мамыр шағын ауданы: тоқтаусыз өту жолдары;
– Черепанов көшесі, Науаи көшесінен Сүлейменов көшесіне дейін;
– 2-ші Вишневская көшесі. Тоқтабаев көшесінен №45 үйге дейін.
Сонымен қатар, Әуезов ауданының әкімі биылғы жылы жөнделетін көшелерді атады:
Райымбек даңғылы (Өтеген батыр көшесінен Тілендиев көшесіне дейін)
Яссауи көшесі (Райымбек даңғылынан Сайын және Төле би көшелеріне дейін)
Шаляпин көшесі, Щепеткова көшесі (Сайын көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін)
Момышұлы көшесі (Райымбек көшесінен Шаляпин көшесіне дейін)
Жандосов көшесі (Сайын көшесінен Алтынсарин даңғылына дейін)
«Таугүл-1» шағын ауданындағы 2-ші Вишневская көшесі (Тоқтабаев көшесінен №45 үйге дейін)
Аманжол, Мұстай Кәрім көшесі (Шаляпин көшесінен Сайын көшесіне дейін, тар көшесімен)
“Жетысу-2” шағын ауданына өтетін жол (Ұлықбек даңғылынан №2 үйге дейін)
№ 12 шағын ауданға өтетін жол(Алтынсарин даңғылынан № 23а әкімшілік ғимаратына дейін)
«Достық» шағын ауданындағы жолдар
«Мамыр» шағын ауданындағы жолдар
Факельная көшесіне тоқтаусыз өту жолы(Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін)
Щепетков көшесі (Сәтбаев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін, тар көшелермен)
Елемесов көшесі (Б.Момышұлы көшесінен Сайын көшесіне дейін)
Баянауыл шағын ауданындағы жолдар
Жетысу-1 шағын ауданына өтетін жол ( № 16 үйден № 9а үйге дейін)
“Таугүл-2” ш/а Черепанов көшесі(Науаи көшесінен Сүлейменов көшесіне дейін)
Таугүл ш/а тар жол(Тоқтабаев көшесінен № 25Б үйге дейін) .
Сонымен қатар, аудан көшелерін жарықтандыру мәселесі шешілуде. Ауданның жарықтандырылмаған учаскелері бойынша сыртқы жарықтандыруды орнату бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл басынан бері 325 шам орнатылды.
“Ауданның 11 магистралды көшелерімен сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жоспарланған. Ұзындығы 18,5 шақырым болатын жолдарға 1341 шам орнатамыз”, – деді аудан әкімі.
Әкім барлық жұмыс жоспары аудан тұрғындары көтерген мәселелерге негізделген талдау негізінде жүргізілетінін атап өтті