13
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 млн ағаш егіледі
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан облысында 30 млн ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда. Осыған орай Бәдібек ауданында 30 мың көшет егу шарасы бастау алды.
Бәйдібек ауданының еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен ауыл жастары қолдарына күрек алып, ауылының кіре беріс жолдың екі шетін арнайы шарбақпен қоршап, 2000 мың түп тал екті.
Ғылыми есептеулер бойынша 1 гектар орман жылда 18 млн.текше метр ауаны тазартады. Немесе, сол орман бір күнінң ішінде 11 тонна улы көмірқышқыл газдарын бойына сіңіріп, ыдыратып отырады.