10

Қостанайда оқуға түсудің ережелері белгілі болды

КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Докторантураға түсу рәсімінде өзгерістер бар. Биылдан бастап қабылдау емтиханы электронды форматта өтеді. Үміткерлерге компьютерде эссе жазу, докторантурада оқуға дайындық тестін және білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихандар тапсыру қажет.

– Оқуға түсу емтиханының қорытынды бағасы эссені бағалау, докторантурада оқуға дайындық тесті және бейінді емтихандардың нәтижелерін жинақтау арқылы алынған балдардың жиынтығы болып табылады,-деп атап өтті А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Басқарма төрағасының м.а. – ректоры А.Дощанова.

Докторантураға өтініштер 3 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады. Докторантураға түсу үшін қабылдау емтихандары-4-20 тамыз аралығында өтеді.

Докторантураға және магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button