10Мәдениет

Арқалықта “Тобыл-Торғай әуені” антологиясының тұсаукесері өтті

Бұл үш бөліктен тұратын жинақ. Біріншісінде 90 ноталық авторлық шығармалар, екіншісінде аймақтың музыкалық мұрасына арналған мақалалар мен фотосуреттер, үшіншісінде әндерге түсініктемелер берілген.

– «Тектілердің мекені саналатын Торғай өңіріндегі ел жадында қалған өнер майталмандарының еңбегін жинақтап, антология етіп шығару «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында атқарылған оң қадамдардың бірі. Тарихымызды, мәдени мұралармызды сақтап, жинақтап,кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз.

Сондықтан осындай құнды еңбектердің жарыққа шығуына ат салысып жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз!» , – дейді ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Антологияда Ахмет Байтұрсыновтың Семей өңірінде жазған “Кәмшат бөрік” әнінің тарихы мен авторы туралы бірегей мәліметтер бар. Сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген Нұржан Наушабай, Қанапия Басығары, Сәт Есенбайұлы туралы айтылады.

Кітапты құрастырушы-Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі мұражайының ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев

Басқа жаңалықтар

Back to top button