03

Целиноград ауданында сумен жабдықтау тарифі төмендетілді

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер (Талапкер 1, Талапкер 2, Талапкер 3 және Талапкер), Қажымұқан (Қажымұқан 1 және Қажымұқан 2), Қоянды, Мортық, Жаңғызқұдық, Красноярка, Сарыкөл, Садавое, Новоишимка, Фарфор, Тасты, Тастақ, Қосшы сияқты 19 елді мекен бойынша суды тарату желілері арқылы беру (стационарлық құрылғылар) бойынша реттелетін қызметке тарифті бекітуге өтінім берді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын бекітілген тарифтерден төмендету жағына тарифтерді қайта қарады.

Бұл ретте, Талапкер, Қоянды, Приречный, Қажымұқан, Мортық, Қызылсуат, Жаңа жол, Шұбар, Жайнақ, Қаратомар, Красноярка, Жалғызқұдық, Сарыкөл ауылдарында тариф 1 м3 үшін 832,81 теңгені (ҚҚС-сыз) құраған болатын, Қасчеку және Тастақ ауылдарында тариф 1 м3 үшін 747,91 теңгені (ҚҚС-сыз) құраған болатын, Садовое ауылы бойынша тариф 1 м3 үшін 1620,98 теңгені (ҚҚС-сыз) құраған болатын, Тасты ауылы бойынша тариф 1 м3 үшін 1385,61 теңге (ҚҚС-сыз), Новоишимка және Фарфор ауылдары бойынша тарифі 1 м3 үшін 940,29 теңгені (ҚҚС-сыз) құраған болатын.

Департамент мұқият талдау нәтижелері бойынша, жоғарыда көрсетілген 19 елді мекен бойынша тарифті 1 м3 үшін 669,42 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітті, бұл орташа есеппен 20,21%-ға немесе 169,59 теңгеге төмендеу болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button