03Экономика

«Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

Ақмола облысында былтыр басталған «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы өмір сүру сапасы мен ауылдық жерлердің инфрақұрылымдық келбетін жақсартуға айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Өткен жылы 10 көлік инфрақұрылымы, 13 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 9 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 32 жобаны жүзеге асыру ауыл тұрғындарына жайлы өмір сүру ортасын сезінуге мүмкіндік берді.

«Мен Аршалы ауданында он жылдан астам уақыт тұрамын. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша көп жұмыс жасалды. Неліктен бұл жоба ерекше назар аудартады? Себебі бәрі қарапайым ауыл тұрғындарының игілігіне арналған. Әлеуметтік нысандарды, инфрақұрылымды жөндеу, спорт кешенін салу – мұның бәрі біздің өміріміздің сапасын жақсартады. Нәтижесінде біздің облысқа отбасыларымен білікті мамандар келе бастады. Жаңа кәсіпорындар ашылды», – дейді еңбек ардагері Владимир Биджиев.

Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің мәліметі бойынша 110 тірек елді мекен мен 189 серіктес елді мекендерде жобаларды жүзеге асыруға 7,8 млрд. теңге бөлінсе, мұның ішінде биыл қосымша 4,8 млрд. беріліп отыр.

Алдағы уақытта әлеуметтік нысандарды қайта құру мен салу жұмыстары белгіленген. Сонымен, білім саласында 7 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде алты елді мекендегі мектептер мен балабақшаларға күрделі жөндеу, қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Денешынықтыру-сауықтыру орталықтарының салынуы ауылдық жерлерде бұқаралық спорт пен спорттық нысандардың қол жетімділігін арттыруға серпін берді. Биылдың өзінде, Аршалы кентінде салынатын спорт-сауықтыру кешенінен басқа, Ақмол кенті мен Шортанды кентінде спорттық нысандар салу жоспарлануда.

Өзінің бай мәдени және тарихи мұрасымен және ерекше табиғи ландшафтымен танымал Зеренді ауданы өңірдегі туристік кластердің дамуы үшін маңыздылыққа ие болып келеді. Оған жол желісін, аудандық мәдениет үйін жөндеу, автожолды, сумен жабдықтау желілері мен су мұнарасын қайта құру, Зеренді ауылының орталық қазандығында қазандық агрегаттарын ауыстыру және орнату бойынша жобалар кіреді.

Айтпақшы, ауылдардың инфрақұрылымын жаңарту, 80 мың шақырымға жуық жол мен ауыл ішіндегі көшелер, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 35

шақырым инженерлік желілер салу және жөндеу, сондай-ақ 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру күтілуде.

Дереккөз: https://tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button