Атақты математик Әлімхан Ермековке арналған конференция өтті
Алғашқы қазақ математигі Әлімхан Ермековтың есімі Қарағанды техникалық университетінде аудиторияға берілді. Сондай-ақ, ЖОО-да ұлы ғалымның 130 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында студенттерге атаулы стипендия тағайындау ұсынылды.
Қарағанды техникалық университетінің қабырғасында атаулы күндерге орайластырылған іс-шаралар кешені өткізілді. Жоғары оқу орнының бірінші корпусында Әлімхан Ермековтің атаулы аудиториясы ашылды. Бұл ерекше маңызға ие оқиға, себебі 1955 жылдан 1961 жылға дейін профессор бұрын Қарағанды политехникалық институты деп аталған осы ЖОО-ның Жоғары математика кафедрасында жұмыс істеді. Ұлы математиктің есімі №307 аудиторияға берілді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция “Әлімхан Ермеков және қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы” тақырыбына арналды. Оған облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, шетелдік (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Болгария, Словения, Словакия) және қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми орталықтардың, мұрағаттар мен мұражайлардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және т. б. қатысты.
– Әлімхан Ермековтың өмірі өте күрделі болды. Көптеген серіктес-алашордалықтардың қайғылы тағдырынан аман қалған. Ол он бес жылдан астам өмірін лагерьлерде саяси тұтқын ретінде өткізді. Сонымен қатар, өмірінің соңына дейін ол өзінің мақсаттарына адал болған. Әлімхан Ермеков мұғалім, тәлімгер, ғалым, азамат және патриот ретінде белсенді, мазмұнды өмір сүрген. Біз көрнекті жерлесіміздің есімін және оның еліміздің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін мақтан ете аламыз, – деп атап өтті Абзал Нүкенов.
Конференцияның пленарлық отырысына Әлімхан Ермековтың немересі, экономика ғылымдарының кандидаты Олег Ермеков қатысты. Ол Ұлыбританиядағы MaryAdi Education білім беру компаниясының басшысы болып табылады. Олег Ермеков өз сөзінде атасы туралы естеліктерімен бөлісті және оның жеке қасиеттері туралы баяндап берді.
— Менің жолым болды. Балалық және жас кезімде мен Әлімхан Ермеков сияқты ерекше тұлғаның қасында болдым. Тек атам ғана емес, шынымен де керемет тәрбиеші және мұғалім болды. Менің туған атам ұлттық элитаға жататын, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы үшін көп жұмыс жасаған адам, қоғамдық саяси қайраткер және оқытушы Әлімхан Ермеков болғанын ұғыну менің бойымда әрқашан мақтаныш сезімін емес, жауапкершілікті тудыратын, — деп атап өтті Олег Ермеков. — Менің жақын адамымның еңбегін мақтан тұту өзімшілдік іспеттес. Осы сезімдердің барлығы менің атам Әлімхан Ермековке тән емес еді, ол Мен үшін адамдармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың адамгершілік бағдары болды және болып қала береді.
Жалпы отырыс кезінде барлығы тоғыз баяндама тыңдалды, содан кейін жұмыс секциялар бойынша жалғасты. Конференция қорытындысы бойынша іс-шараны ұйымдастырушылар 78 баяндамадан тұратын жинақ шығаруға уәде береді.
Конференция соңында ұйымдастырушылар 7-14 сәуір аралығында өткен Жоғары математика пәні бойынша Республикалық студенттік олимпиаданы қорытындылады. Оған Қазақстанның 14 облысынан 20 ЖОО студенттері қатысты.
Бірінші орын Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Александр Ахметшинге берілді. Екінші орынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Антон Асқазков және Назарбаев Университетінен Мадина Өткел өзара бөлісті. Үшінші орынды ҚарТУ студенттері Дарья Матыцына, Әлема Толуғазы және Назарбаев Университетінің оқушысы Бақытжан Құрманбек иеленді.
Конференция соңында үздік студенттер үшін Әлімхан Ермековтің атаулы шәкіртақысын тағайындау ұсынылды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Мәдениет және спорт министріне Әлімхан Ермековтің тұлғасы туралы толық метражды деректі және көркем фильмдерді түсіруді қаржыландыру туралы ұсыныспен шығуға ниетті.