06

Атырауда табылған темір сауытты адам зерттеліп жатыр

“Атырауда табылған темір адамның кей бөліктері Мажар Республикасына жіберілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбеков мәлімдеді”,- деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

 

– Тарихи құндылықтың құндылығын жойып алмау үшін оған антропологиялық, ДНК-лық зерттеулер жүргізілу қажет болды. Зерттеу жұмысы 2021 жылдың қаңтар айында сүйектердің барлық морфологиялық және метрикалық анализдерін қамтитын антропологиялық талдау жүргізуге елде арнайы мамандардың болмауына байланысты Мажар (Венгр) Республикасының жаратылыстану ғылымдарының қызметкерлері шақыртылды. Алайда, жұмысты толыққанды жүргізу үшін арнайы құрылғылардың болмауына байланысты және бас сүйекті қайта қалпына келтіру мақсатында тарихи құндылықтың кейбір бөліктері Мажар (Венгр) жаратылыстану ғылыми орталығына жіберілді, – деді Қырым Алтынбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың маусым-шілде айларында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің мамандары Миялы қорғанына жүргізілген қазба жұмысы барысында 3 метр тереңдікте толық сақталған темір сауыт киген ер адамның қаңқасын, ұзындығы 1 метр болатын семсері, патерасы және өзге де заттарымен табылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button