Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.
“ Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында былтыр 290 жобаға несие берілді.
– Берілген несиелердің бағыттарын жіктесек, мал шаруашылығын дамытуға 167 жоба, өсімдік шаруашылығына 1 жоба, кәсіпкерлікті дамытуға 122 жоба қаржыландырылды. Игерілуі – 100 пайыз. Нәтижесінде, 122 жұмыс орны ашылды, – деді Амангелді Саламат.