13Мәдениет

Аудан халқы ауызсумен толық қамтылған

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің (Ақсукент, Оразалиев, Манкент, Қожақорған) тозығы жеткен ауызсу жүйелері орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған.
Бүгінде аудандағы 12 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Көгілдір отын берілген жағдайда 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылмақ. Ал қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 45 жолға, яғни 89,9 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Бүгінгі таңда 45 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек – Шаян – Аққала – Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтті. Нысан 2021 жылға өтпелі.

Жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button