08Басты жаңалық

Атқарылған істер көп

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының міндетін атқарушы Сара Қабылбекқызы Мадиева және Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі КММ-ң басшысы Зарина Пердыбекқызы Қуатованың қатысуларымен ««Шаңырақ 5-10-20» пилоттық жобасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясы барысында, спикерлер «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ МЕН 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРДЫ ЖҮЗГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сара Мадиеваның айтуынша, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан тың жобалар мен ірі іс-шаралар іске асырылып жатыр. Олар: «Талас толқындары» музыкалық өнер фестивалі, «Би керуені-2020» би ансамбльдерінің конкурсы, «Жаңарған Жамбылым» эстрадалық әншілер байқауы, Тараз Суретшілер Одағының «Арбат» шығармашылық көрмесі, «Ғибратты керуен», «Телегей ойдың теңізі» жобалары, “Əулие ата бояулары”, “Ұрпақтар сабақтастығы: тарих пен болашақ Жамбыл суретшілерінің көзімен” атты көшпелі көрмелер т.б.

Сонымен қатар, алдағы уақыттағы жоспарға сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Шәмші – ғұмыр» спектакль-концерті және 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, мерекелік концерттер басқарма тарапынан өткізіледі.
Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап басқарманың «Халық жанының айнасы»,«Мәдениет мәйегі», «Тарихқа назар», «Халық қазынасы», «Жылнамаға жорық», «Театр және көрермен», «Өнер – өмір!» айдарлары бойынша жылдың соңына дейін онлайн форматта 319 іс-шара өткізу жоспарланған.‬‬‬‬

Зарина Пердыбекқызының баяндауынша, өңірімізде Бағдарлама мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының 17 арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша 2020 жылы 73 жоба ұйымдастырылды.

Ал «Туған жер» арнайы жобасы аясында демеушілер мен меценаттардың есебінен 73 жоба іске асырылды.

Аталған жоба аясында «Асарлатып үй салу» жобасы жүзеге асуда. Жобаның мақсаты қоғамның осал топтарына: әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға үй салып беру. Ерекшелігі – тұрғын үйге мұқтаж жандар ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталады. Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мемлекеттік мекемелерден шыққан жарамды құрылыс материалдары да соғылып жатқан үйлерге көмек ретінде берілуде. Мұның өзі ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады. Жоба аясында аймақ бойынша 123 тұрғын үй салынуда.

Әлемге жайылған коронавирус пандемиясы өршіп тұрған сәтінде ауруханада ем қабылдап жатқан науқастарға дерттен айығуға көмек беру мақсатында облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйытқы болуымен «Қымызмұрындық» жобасы ұйымдастырылды. Шара барысында ауруханадағы науқастар күніне 100 литр қымызбен қамтамасыз етіліп, барлығы 1,5 тоннадан астам қымыз ауруханаларға тегін үлестірілді.

2020 жылға арналған Бағдарлама мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Тұлғаны дамыту», «Ұлттың дамуы, халықаралық позициялау» және «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы» бағыттарын қамтитын барлығы 197 іс-шарадан тұратын жоспар бекітілді.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының тапсырмасымен қосымша «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» арнайы жобалары да қарқынды жүзеге асырылуда.

«Еңбек – елдің мұраты» жобасы аясында «Дәстүрді дәріптейік!» акциясы бастау алып, Жамбылдағы 300-ден астам қоғамдық көліктер мен орындарда ұмыт болған ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, ұлттық зергерлік бұйымдар, салт-дәстүрлер тақырыптарында көрнекілік құралдары ілінді.

«Еріктілер» жылына орай, «Рухани жаңғыру» офисі аймақта бұрын-соңды қолға алынбаған жобаны іске асырды. «Саулық» бағыты бойынша Тараз қаласында жаяу жүргіншілерге арналған («Балаңызды қолынан ұстаңыз! Держите ребенка за руку!», «Құлаққапты шешіңіз» , «Снимите наушники!») жобасын іске асырды. Тараз қаласындағы 25 жаяу жүргіншілер жолына осы жазулар жазылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button