25 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстанда жылыту маусымы басталды. Бюджеттік саланың барлық нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлер жоспарлы түрде жылу жүйесіне қосылды. Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазановтың айтуынша, – бүгінгі таңда қуаттылығы 100 гкал/сағаттан жоғары жылу көздерінің дайындығы 99% – ды, су электр станциялары – 74% – ды құрайды.
– Көпқабатты тұрғын үй қорының, жылумен, электрмен, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру желілерінің, қуаты 100 гкал/сағаттан кем қазандықтардың және автономды қазандықтардың әзірлігі бүгінгі күні 100% – ды құрайды. Барлық энергия үнемдеуші және энергия өндіруші ұйымдар 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспорттарын алды, – деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.