16Мәдениет

Ауыл жастарымен кездесу өткізді

Ауыл жастарының әлеуетін арттыру жобасы аясында мобильді топ мүшелері облыстың 12 шалғай ауылдық округінде жастардың қатарынан 277 адамды қамтыған кездесулер ұйымдастырды. Кездесулер барысында психолог, гинеколог, уролог және теолог сияқты білікті мамандардың көмегіне 208 адам жүгінді.

Мобильді топтың құрамына ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дін істері, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау басқармаларының, «Jas Otan» ЖҚ, «Даму» қоры, «Атамекен» ҰКП, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мамандары, теологтар мен психологтар тартылды.

Мобильді топтың басты міндеті жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңес беру және ақпараттандыру, ауылдық жерлерде жастардың проблемалары мен бос уақытын талқылау болып табылады.

Сонымен қатар, жоба аясында жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарының қатысуымен Қазақстан тарихын білуге арналған зияткерлік ойындар, Ұлы Абай шығармашылығы, семинарлар, мастер-кластар ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button