10МәдениетЭкономика

Мұғалімдерге-лайықты қолдау

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан өңірдің 12 мұғалімі сый-сияпаттар мен сертификаттар алды.

«Қостанай облысында алғаш рет “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңы аясында біз жергілікті деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарында елеулі биіктерге жеткен педагогтерді көтермелейміз. Бұл мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін арттырудағы маңызды қадам. Елдегі пандемиямен байланысты жағдай дәстүрлі мектептің келбетін өзгертті, бірақ мұғалімдердің өз ісіне деген адалдығы өзгеріссіз қалды. Бұл ретте біз де, атқарушы билік те мектептер мен колледждерде лайықты жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», – деді Архимед Мұхамбетов.

Өңір басшысы бүгінде бюджеттен жаңа мектептер салуға, қашықтықтан үздіксіз оқыту үшін компьютерлік техника сатып алуға қаражат бөлінетінін атап өтті.

«Облыстағы бірде-бір мектеп назардан тыс қалмайды. Қосымша құрылыстар салынып, спортзал жаңартылады», – деп айтты облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button