Жаңалықтар

Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер арасында “Тоғызқұмалақ” ойыны бойынша турнир өтті

 

2025 жылғы 15 сәуірде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – “Тоғызқұмалақ” бойынша турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.

Турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында өткізілді және аймақтағы ардагерлер қауымдастықтарының жұмысын қолдауға әрі жандандыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің бір бөлігі болды.

Турнирдің мақсаты – ұлттық ойын “Тоғызқұмалақты” дамыту, егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.

Турнирге қатысушылар дайындықтарының жоғары деңгейін, стратегиялық ойлау қабілеттерін және дәстүрге адалдықтарын көрсетті. Іс-шара аға буын өкілдерінің бірлігін нығайтқан, жылы әрі достық пейілде өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button