Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт Астана мен Алматыдағы MEGA желісінде бір уақытта өтті

Алматы / Астана –13 сәуір.
MEGA сауда – ойын-сауық орталығының желісі Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ауқымды мәдени жобаны іске асырды.
Бір уақытта 160-тан астам музыкант Алматы мен Астанадағы сахнада өнер көрсетті. MEGA Alma-Ata, MEGA Park және MEGA Silk Way СОО-да қазақ музыкасының алтын қорына енген Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары шырқалды. Жоба мақсаты – қазақ даласын күмбірлі күйімен тербеген күйші- сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Мәдени бастама сауда – ойын-сауық орталығына келген қонақтардың: Алматы мен Астана тұрғындарының, жүздеген өнер сүйер қауымның көңілінен шықты.
Іс-шараның басты оқиғасы MEGA Alma-Ata СОО-да өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің кавалері, «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі мен бас дирижері Дінзухра Тілендиеваның жетекшілігімен 59 музыканттан тұратын ұжым өнер тарланының аңызға айналған шығармаларын орындады. «Отырар сазы» академиялық халық аспаптар оркестрінің негізін 1980 жылы Нұрғиса Тілендиев қалаған.
MEGA Park СОО-да Тілендиев шығармасын 40 музыкант қатысуымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі орындады, ал Астанадағы MEGA Silk Way-ге жиналғандар Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясы қазақ оркестрінің 65 музыкантты паш еткен ұлы композитордың музыкасына қол соқты.
«Бала кезімізден таныс «Ата толғауы», «Әлқиса», «Өз елім» сияқты шығармаларды, сондай-ақ аты аңызға айналған «Отырар сазы» оркестрінің орындауындағы шығармаларды тыңдау керемет сезім. Сіздер бізге нағыз мереке сыйладыңыздар!», – деді MEGA Alma-Ata қонағы.
MEGA СОО желісі жыл сайын ұлттық мәдениетке, өскелең ұрпақ пен келушілердің рухани азығын қанағаттандыруға және дамытуға бағытталған 400-ден астам іс-шара ұйымдастыру мен тартымды атмосфера құруға инвестициялап, өз келушілеріне мерекелік көңіл сыйлауды жалғастыра береді.