ЖАҢААРҚАДАҒЫ ВОКЗАЛДАР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

✨Ауданның инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ірі жобалардың бірі жүзеге аспақ.
✨Ұлытау облысында орналасқан төрт темір жол вокзалы қайта жаңғыртудан өтеді. Солардың қатарында аудан орталығы мен Қызылжар кентіндегі темір жол вокзалдары да бар. Жоба аясында вокзалдардың сыртқы келбеті жаңартылып, ішкі кеңістігі қазіргі заман талабына сай күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар қосымша нысандар тұрғызылып, жолаушыларға ыңғайлы жаңа перрондар мен жабық галереялар салынбақ.
✨Қазіргі таңда жобаның алғашқы эскиздері дайындалуда.
✨Аталған жоба – аймақтың көлік инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ бұл бастама ауданның келешек дамуына серпін беретін маңызды өзгерістердің бірі болмақ.