13Қоғам

Президент Өмірзақ Шөкеевтің Шорнақтағы шұғыл шешімін жоғары бағалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі жағдай бойынша облыс басшылығы және құқық қорғау органдарымен жиын өткізіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке Шорнақтағы бұзақылықты дер кезінде тыйған тыңғылықты жұмысы үшін жоғары баға берді. Оқиғаны облыс әкімі дер кезінде қадағалауға алып, барлық құқық қорғау мен атқарушы биілік органдарын жұмылдырып, туындаған мәселену шиеленіске жеткізбей шешкен. Жанжал шығарып, дау туғызушылар қамауға алынып, тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде әлеуметтік, ұлтаралық араздыққа жол берілген жоқ.

Өмірзақ Естайұлы Шорнақ ауылында құрылған жедел штаб отырысына қатысып, оқиға болған сәтте шұғыл әрекет етіп, ел тыныштығын сақтауда шапшаң әрекет еткен штаб жұмысына алғыс айтты.
Жиыннан соң ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі мұндай келеңсіз жағдайларды тыйып тастау қажеттігін айтты.
«Шорнақ – мыңжылдық тарихы бар мекен. Кеше орын алған жағдай бүкіл елге тарап, ыңғайсыз жағдай орын алды. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауыл үшін бұл ұят нарсе. Әрине, әлеуметтік желінің дамыған сәтінде бұл жағдайды бұрмалайтын арандатушылардың болары анық. Тек солардың сөзіне еріп кетпеу керек. Ел арасына дау, ірткі салған адамдарға қатаң жаза қолданылады. Ал, сіздер жастар мен аға буынды сабырға шақырып бірліктеріңізді нығайта түсіңіздер» деген өңір басшысы жергілікті проблемаларды мұқият қарайтынын мәлімдеді.
Ал ауыл ақсақалдары «Шорнақ ауылы осы уақытқа дейін, дау шығарған ауыл емес еді. Кешегі оқиға барлығымызды есеңгіретті. Себебі, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат көп тарады. Осындай жағдайдың орын алуына себеп болған жастар үшін барлықтарыңыздан кешірім сұраймыз. Біз – қазақ, өзбек ағайын халықпыз. Тіліміз, дініміз бір елміз» деп, қателіктерден сабақ алатындықтарын жеткізді.
Бүгінде Шорнақ ауылы қалыпты тіршілігіне оралды. Дегенмен ауыл өмірі қадағалауда тұр.

© Бейсен Тәжібаев
Nur Otan партиясының Түркістан облысы филиаланың бірінші орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button