Жаңалықтар

ШҚО-да есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

 

Өскемен қаласында есту қабілеті бұзылған жеңіл атлеттер арасында Қазақстан чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – спортшылардың шеберлігін арттырып, біліктілігін көтеру.

– Чемпионатқа еліміздің 13 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс барысында бірнеше медаль жиынтығы сарапқа салынады, сондай-ақ қараша айында Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына алдын ала іріктеу жүргізіледі, – деп атап өтті Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Богдан Весельский.
Жарыс бағдарламасына бірнеше жеңіл атлетика түрлері енген:

Спринтерлік жүгіру
Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру
Ұзындыққа және биіктікке секіру
Найзаны сермеп секіру
Эстафеталық жарыстар және басқа да дисциплиналар
– Чемпионатқа Петропавл қаласынан 11 спортшыны алып келдік: 10 ересек спортшы мен бір қыз бала. Бұл жарыстан жоғары нәтижелер күтеміз. Себебі, чемпионат – 2025 жылдың қарашасында өтетін Сурдлимпиада ойындарына іріктеудің маңызды кезеңдерінің бірі, –деді “UNIT” спорт клубының жаттықтырушысы Рустам Шаке.
Чемпионатқа Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан және басқа да аймақтардан спортшылар қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button