Тоқаев не үшін Берік Уәлиді Абай облысына тағайындады?

Берік Уәлидің Абай облысына әкім болып тағайындалуы – жай ғана кадрлық ауыс-түйіс емес, аймақтың қажеттіліктері мен алдына қойылған міндеттерге негізделген стратегиялық қадам.
Біріншіден, Берік Уәли – осы өңірдің тумасы. Ол аймақтың ерекшеліктерін, оның мәселелері мен әлеуетін жақсы біледі. Бұл – сырттан келген емес, нақты жағдайды түсінетін басшы үшін жасалған таңдау.
Екіншіден, Берік Уәли – жай ғана шенеунік емес. Ол мемлекеттік қызметтен бастап ірі құрылымдарды басқаруға дейінгі жолдан өтті, Президент Әкімшілігінде ішкі саясатты қадағалап, жоғарғы деңгейдегі коммуникацияны реттеді. Бұл оған әкімшілік ресурстармен қатар, жүйелі басқару дағдыларын арттыруға мүмкіндік.
Үшіншіден, Абай облысы – үлкен сынақ. Мұнда инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жаңарту және стратегиялық даму маңызды. Процестерді тиімді ұйымдастырып, мемлекеттік институттармен жұмыс істей алатын адамның тағайындалуы – орынды шешім.
Тоқаев Берік Уәлиді жай ғана «басқару» үшін емес, нақты міндеттерді шешу үшін қойды. Ендігі басты мәселе – оның қаншалықты тез және тиімді нәтиже көрсете алатынында.