Жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімдігі шахтадағы апатта қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қолдау көрсетеді

Ұлытау облысының әкімдігі кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығын көрсетеді. Қайғылы оқиғаға байланысты өңір басшысы Дастан Рыспеков көңіл айтты.

«Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай – бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.

Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ.

Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button