14Мәдениет

Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон өтеді

Марафонға қатысушылар 40 күнде 175 шақырым жүгіріп өтуі тиіс, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұлы ақын, ағартушы Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн марафонды Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ertis Runners клубы өткізуде.

«Марафонның басты шарты – 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 175 шақырым жүгіру, – деді Ertis Runners клубында. – Бұған кез келген адам қатыса алады. Тіпті ауылдық жерлердегі адамдардың да қатысуына мүмкіндік бар. Қай жерде, бір күнде қанша шақырым жүгіретінін өздері біледі. Қанша қашықтық жүгіргендері туралы Whatsapp арқылы бізге жібереді. Біз деректерді арнайы бағдарламада тіркеп отырамыз. 10 тамызға дейін 175 шақырымға жетсе болғаны. Ertis Runners жүгіру клубында жеңімпаздар 3 номинация бойынша марапатқа ие болатынын айтты.

«Қатысушылар арасынан «Ең жылдам», «Әлеуметтік желідегі ең белсенді» номинациялары бойынша сыйлықтар үлестіріледі. Үшінші номинация алдағы уақытта жарияланады. Қатысушыларға құнды кітаптар сыйға тартылып, белсенділерге арнайы сыйлықтар беріледі», – деді клубта. Онлайн марафонға қатысу үшін 1000 теңге төленуі тиіс. Қазіргі уақытта марафонға 40-қа жуық адам тіркелген. Қатысу үшін өтінішті WhatsApp арқылы 87054003441 нөміріне жолдауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button