Экономика

Мырзағалиев экотуризмдегі инвестицияның 500 миллиард теңгеге дейін артатынын болжады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның экотуризмін 2030 жылға дейін дамытудың болжамды мүмкіндіктерінің есебін жүргізді. Осылайша, салаға жеке инвестициялар көлемі 500 млрд. теңгеге жетеді.

Бұл туралы халық алдында есептік кездесу аясында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Сондай-ақ, Министр туристер легі 12,5 миллион адамға дейін ұлғайып, 20 мыңға дейін қосымша жұмыс орны ашылады деп хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық саябақ бар. 2019 жылы оларға 1,5 миллион адам барды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button