МӘДЕНИЕТ – ҰЛТ МӘЙЕГІ
«AMANAT партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіруді жақтайды. Біздің мәдени мұрамызды сақтап қалуға, рухани және мәдени даму үшін жағдай жасауға, бос уақытын өткізу үшін кешенді көпшілік мәдени шараларды үнемі өткізуге қолдау көрсетеміз».
Санаулы күндерден соң өтетін сайлау науқанының аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын Атырау музыка колледжінің ұжымында жалғастырған AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері осылай деп атап өтті.
Алдағы 5 жыл ішінде 8 мәдениет нысанының сапалы және уақытылы аяқталуын бақылауға алу – партиялық жоспарда. Бұған қоса, 56 мәдениет нысанын жөндеу, тарихи және қасиетті орындарға ірі қазба жұмыстарын жүргізуге қолдау да – айқындалған басты ұстанымдар қатарында.
Бірлік пен саяси тұрақтылықтың, рухани келісімнің одан әрі дамуына әсер ететінін атаған топ мүшелері еңбек ұжымының ұсыныс, пікірлерін де тыңдады.
Облыстық, аудандық деңгейдегі партиялық сайлауалды бағдарламалардағы жан-жақты қамтылған мәселелер аймақтың жекелеген проблемаларын сапалы, уақытылы жоюға әсер ететінін де атап өтті.
Бұл бастамалардың барлығы мәдениет нысандарының инфрақұрылымын жаңартуға, мәдени демалыс өткізуге жағдай жасауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік бермек.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді