Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қарағанды қаласында «Amanat» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтуде. Бүгін, 3 наурыз күні «Amanat» партиясынан депутаттыққа кандидаттар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Олар «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық штабының фронт офисінде осы саланы дамыту мәселелерін Қарағанды қаласының мүлік пәтер иелері кооперативімен (ПИК) және мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) өкілдерімен талқылады.

Депутаттыққа кандидаттар кездесуге қатысушыларды «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның ішінде сапалы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру партияның міндеті екенін айтты.

Осы тақырыпты одан әрі талқылау барысында ПИК қызметкерлері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы жаңа заңның күшіне енуі туралы мәселе көтерді, оған сәйкес ПИК көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды өз мойнына алуды тоқтатады және сәйкесінше жойылады. Олардың айтуынша, бұл заң қайта қаралуы керек, ал көппәтерлі тұрғын-үй тұрғындарында ПИК пен МИБ арасында олардың жалпы ұжымдық қалауы бойынша таңдауы қалуы қажет.

Өз кезегінде МИБ өкілдері МИБ-ке тиімсіз салық салу мәселесін, сондай-ақ МИБ қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын арттыру мәселесін көтерді.

Сондай-ақ, бұл жиналыстың өзекті тақырыптарының бірі жаңа тұрғын үйлердің сапасыз салынуы, сонымен қатар тым көп қабаттары бар ғимараттардың қала инфрақұрылымына зиянды әсер етуі болды.

ҚР Мәжіліс депутаттығына Кандидат Бауыржан Смагулов бұл мәселе «AMANAT» сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша тұрғын үй құрылысының сапасын көтеру, сондай-ақ қаланың сауатты инфрақұрылымын дамыту еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе болып табылады.

Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің 30 мыңға жуық иесі жаңа пәтерлерге көшуге мүмкіндік алуы тиіс. Партия жаңа құрылыс Кодексін және «риэлторлық қызмет туралы» Заңды қабылдайды. Осылайша біз тығыздалған құрылыс пен үлестік құрылыс мәселелерін жоққа шығарамыз. Қалаларда біз тұрғындардың, бизнестің және экономиканың мүдделеріне жауап беретін қалалық ортаны құрудың әлемдік тәжірибесін ұстанатын боламыз. Біз ғимараттар мен құрылыстарға сейсмометриялық бақылауды күшейтеміз және құрылыс кезінде техникалық нормалардың сақталуын үздіксіз бақылайтын боламыз, —деді кездесуге қатысушыларға Бауыржан Смагулов.

Қатысушылардың барлық ұсыныстарын үміткерлер тыңдап, олардың жеке бақылауына алды.

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button